389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда полиция қызметкерлерінің ұрыстық дайындығы пысықталды

  • 124
Оралда полиция қызметкерлерінің ұрыстық дайындығы пысықталды

Оралда полиция қызметкерлерінің ұрыстық дайындығын пысықтауға арналған оқу-жаттығулары өтіп жатыр.

Арнайы жасақталған оқу бағдарламасы бойынша 746 қызметкердің дене дайындығы мен медициналық, жауынгерлік және атыс дайындығының деңгейі тексерілді. Полиция басқармалары мен бөлімдері басшыларының орынбасарлары тапанша мен автоматты қарудан нысана көздеді. Оқу жиыны барысында олар өзін-өзі қорғау, қылмыскерлерді ұстау мен қаруды дұрыс қолдануға байланысты тактикалық білімдерін жетілдірді.

Айта кету керек, полицияның күнделікті қызметі қауіп-қатерге толы. Мәселен, биыл Қазталов ауданында полиция қызметкерінің тәртіпке бас имеген күдіктінің әрекетіне орай қаруға жүгінуіне тура келген.

Бауыржан Құспанов, ПД арнайы және мобилизациялық дайындау басқармасы бастығының орынбасары:

– Бұл қару қолдану оқиғасы полиция қызметкері тарапынан заңды деп табылды. Осы оқу жиынында да біз ең алдымен қызметкерлерге қаруды дұрыс қолдана білуді үйретеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар нәтижесіз емес. Мысалы, біздің бөлімше құрылған соңғы 3 жылда қызметкерлердің жеке қауіпсіздігі мен қаруды дұрыс қолдану ережесін бұзудың бірде-бір дерегі тіркелген емес.

Нұрбол Меңдіханов, ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары:

– Атудың 3 тәсілі бар. Осы тәсілдерді қазіргі кезде бізге арнайы дайындау басқармасының қызметкерлері үйретіп жатыр. Дайындықтарымыз жақсы, әрбір атқан сайын белгіленген межеге тигізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы