384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда қай аудандар газға бірінші кезекте қосылады

  • 188
  • UPD: 10:55, 19.10.2019
Нұр-Сұлтанда қай аудандар газға бірінші кезекте қосылады astana.gov.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов газтарату желілерінің құрылыс барысымен танысты.

Қаланы газдандыру үш кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда бірінші кезегі бойынша құбырларды тарту мен газреттегіш пункттерінің дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның бірінші кезегінде газреттегіш желілерінде ЖЭО-1,2,3, «Көктал-1,2» т/а, Агрогородок, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығысқа (оң және сол) дейін газ беруді жоспарлап отыр. Үйлердің саны 13,5 мыңды құрайды. Келесі кезең бойынша Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3-ші ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village-ге (4-ші ПК) газ жүргізіледі. Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ПК), Шұбар (3- ПК), Өндіріс (4-ші ПК) тұрғын алаптары газдандырылатын болады. Газ жүргізу – қалаға зиянды қалдықтардың шығарылуын 6 есеге, қатты заттектерді 40 мың тоннаға азайтады.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы