387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электронды түрде келісім жасау кәсіпкерлер үшін қауіпсіз

  • 181
  • UPD: 13:40, 19.10.2019

Отандық кәсіпкерлер бизнесте келісім жасай отырып, енді серіктестерінің ісі қалай жүріп жатқанын да бақылай алады.

Ол үшін құны қымбат бағдарламаларды сатып алудың қажеті жоқ. Бұл мүмкіндікті «Documentolog» компаниясы өз тұтынушыларына пайдалануға тегін беріп отыр.

«Документолог». Бұл бірнеше қызметті тоғыстырған компания. Барлығы цифрлық жүйеге негізделген мұнда. Бүгінде тек қана кәсіпкерлер емес, мемлекеттік құрылымдар да компания сервисін пайдаланады. Тиімді де. Мәселен, бірнеше ай бұрын іске қосылған жаңа қызметтің арқасында кәсіпкерлер өз серіктестерінің ісі қалай жүріп жатқанын онлайн көре алады.

Байжан Канафин, «Documentolog» компаниясының бас директоры:

– Егер бизнес серіктесіңіздің ісі жүрмей қалып, статусы өзгерсе, біздің сервис сізге хабар береді. Контрагентіңіздің қандай қиындыққа тап болғанын автоматты түрде біле аласыз. Осылайша шығынға батпау үшін тиісті амалдарды дер кезінде қабылдай аласыз.

Бақылау қызметі Doculite.kz жүйесі арқылы жүзеге асырылған. Аталған жүйе құжаттар мен келісімшарттарға электронды түрде қол қойып, алмасуға мүмкіндік береді. Жуырда сервисті пайдаланушылар тек отандық қана емес, шетелдік серіктестерінің де жағдайын бақылай алатын болады. Үстіміздегі жылы Documentolog компаниясы Ресей нарығына шығып, ТМД мемлекеттеріне де шығуды мақсат қойып отыр. Ол үшін ақпараттық технологиялардың соңғы жетістіктерін өз жобаларына енгізуде.

Байжан Канафин, «Documentolog» компаниясының бас директоры:

– 8 айдан астам уақыт жасанды интеллект жүйесін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Яғни жүйе біздің қызметті пайдаланушылардың мінез-құлық моделін зерттей отырып, бизнес процестер мен жүйе интерфейсін олардың әрекеттеріне сәйкестендіреді.

Documentolog жүйесінің өзге жаңалықтары мен зерттеулері жыл сайынғы Documentolog Technology Conference конференциясында көрсетілетін болады. Конференция үстіміздегі жылдың желтоқсан айында өтеді.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Әнуар Тәуекелов

Хабар 24 телеарнасы