Алматыда танымал тренингтерді ұйымдастырушылар 85 млн теңге табысын жасырған
- 529
- UPD: 17:40, 19.10.2019

Сөйтіп, салыққа келгенде «ешқандай пайда көрмедік» деп көрсеткен.
Мысалға өткен айда қалада екі ауқымды іс шара өтті. Музыкалық фестиваль мен концерттік бағдарлама «Халық» және «Алматы-Арена» ғимараттарында ұйымдастырылған. «Бұл сауық кештерінен түскен таза пайда 52 миллион теңгеден асады», - дейді қалалық кіріс департаментінің өкілдері. Бірақ декларацияда бұл сан 15 есе азайтылып көрсетілген.
Самат Имашев, қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:
- Төлемеген жағдайда әкімшілік құқықбұзушлықтар қарастырылған. Сондықтан осы шаралар 2019 жылдың аяғына дейін жүргізілмек.