420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы жабылды

  • 529
  • UPD: 23:51, 19.10.2019
Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы жабылды

Бүгін елордада Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара отандық тауар өндірушілерді қолдап әрі халыққа нарықтағыдан төмен баға ұсынып келеді. Астықты алқаптардан бүгін бас-аяғы 1200 тонна өнім әкелінді. Олар базардағы бағадан 20%-ке төмен.

Айта кетерлігі, осымен апта сайынғы жәрмеңкелер маусымы аяқталды. Алайда елорда басшысы Алтай Көлгінов мұндай шараларды мереке күндері ұйымдастырып, игі дәстүрге айналдыру жоспарда бар екенін айтты.

Блиц 1:

Осындай жәрмеңкелер болып тұрған дұрыс. Бағалары қолжетімді. 1600 теңгеден. Базардағыдан жақсы. Осы жерден алуға болады.

Блиц 2:

- Осы жәрмеңкеге апта сайын келіп, үйге керек азық-түлігімді аламын. Бұл қала тұрғындарына өте тиімді. Бәрі сапалы. Қызмет көрсету де сапалы.

 

Хабар 24 телеарнасы