385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында биыл 69 адам із-түзсіз жоғалып кеткен

  • 188
  • UPD: 23:18, 19.10.2019
Ақмола облысында биыл 69 адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Ай-күннің аманында адам жоғалып кеткен жайттар бар.

Мәселен, былтыр Ақмола облысында 100-ден астам жан, ал осы жылдың басынан бері 69 адам хабарсыз кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Олардың 56-сы табылды», - дейді полицейлер. Бірақ 13-і ұшты-күйлі жоқ. Үйден шығып, хат-хабарсыз кететіндердің жағдайы әртүрлі. Мәселен, біреуге отбасындағы кикілжің себеп болса, кейбіреуі науқас, енді бірі ішімдікке салынған болуы мүмкін.

Естеріңізде болса, жақында ғана облыстық полиция департаменті жанынан еріктілер орталығы ашылған. Енді жоғалғандарды табуға сондағы ерікті жастар да атсалыспақ. Жалпы Ішкі істер министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес жоғалған азаматтар 10 жылға дейін іздестіріледі.

Абзал Кәйкенов, облыстық криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

Табылмай жатқан 13 адам ол Көкшетау полиция басқармасында, Целиноград аудандық полиция бөлімінде және Жақсы, Есіл аудандарында. Олардың көбі ішімдікке салынған адамдар. Оларды іздестіру үшін еріктілер қосылуда. Көп топтар қосылды. Ағаштарда, судың жиектерінде барлық іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы