387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде еріктілер әрбір ағашты өз қамқорына алды

  • 135
  • UPD: 12:52, 20.10.2019

Ақтөбені жасыл желекпен көмкеруді еріктілер қолға алған. Белсенді жастар шаһардың экологиялық ахуалын оңалтуға үлес қосамыз дейді.

Олардың айтуынша, соңғы жылдары құрылысшылар жүздеген тал-теректі қиратқан. Осыған орай биылдан бастап белсенді жастар әрбір ағашты қамқорлығына алып, заңсыз кесілуіне тосқауыл қойған. Бұған дейін тақырға айналған аудандарға көшеттер отырғызуға кірісіпті. Бірнеше күн ішінде 150-ден астам ағаш егілді. Талдардың емен, үйеңкі, шаған, мойыл, терек пен қараған түрлері жеткізілген. Еріктілер бұрын соңды Ақтөбе өңірінде болмаған павловния ағашын да отырғызуды жөн көріпті. Тұқымы Түркіменстаннан алдырылған бұл өсімдік санаулы жыл ішінде жайқалып, тез өседі. Егер жергілікті ауа райына жерсініп кетсе, алдағы уақытта жаппай отырғызымыз деп отыр. 

Евгений Лазарчук, «Ақтөбе, терең тыныс ал» еріктілер бірлестігінің ұйымдастырушысы:

- Жасыл желек көп болса ылғал ұзаққа дейін сақталады. Қапырық ыстық та бола бермейді. Ұйытқыған желді де тоқтатады. Қазір жаз мезлігінде жел көтерілсе топырақтан көзіңді ашу мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы