387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда жұмыссыздар қатары артады

  • 167
  • UPD: 13:46, 20.10.2019
Германияда жұмыссыздар қатары артады

Германияда 234 мың жұмыс орыны қысқарады. Оған тұрғындардың жаппай электромобильге көшу үдерісі себеп.

Сәйкесінше автоконцерн және  жабдықтарды өңдеумен айналысатын компания қызметкерлері жұмыссыз қалады. Дуйсбург-Эссен университеті жанынан құрылған CAR орталығының мамандары осындай болжам жасап отыр.  Қызметкерлерді қысқарту кезең-кезеңімен 2030 жылға дейін жүзеге асады.

Айта кетейік,  Даймлер, БМВ, Бош сынды ауқымды неміс концерндері компания жұмысының тиімділігін арттыру үшін қайта құру бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ал сарапшылардың айтуынша, жұмыс орындары осылай қысқарғанымен, еңбек нарығындағы өзгерістерге байланысты 109 жаңа қызмет түрлері пайда болады.

Хабар 24 телеарнасы