388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа технология алматылық шаруаларға мол өнім алуға мүмкіндік берді

  • 206
  • UPD: 17:37, 20.10.2019

Ауыл шаруашылығына енгізілген жаңа технология Алматы облысы Сарқан ауданының қызылшашыларына мол өнім алуға мүмкіндік берді.

Қазір дала еңбеккерлері егістік алқаптың әр гектарынан 600-700 центерден тәтті түбір жинап жатыр. Күзгі жиын-терімнің қарқынды жүргізілуіне мемлекеттік көмек негізінде алынған заманауи техниканың да септігі тиіп отыр.

Егістік алқабындағы комбайн жүзден аса жұмысшының қызметін атқарады. Тәтті түбірді қазып қана қоймай, топырағынан тазартады. Шөп-шаламнан арылтып, жүк көлігіне тиейді. Жаңа техниканы тізгіндегендердің бірі – Нұржан Дүйсебаев.

Нұржан Дүйсебаев, комбайншы:

– Мына трактор күніне 7-8 гектар шабады. Бұрыңғы тракторлар ескі ғой. Күнде сынады. Бұрыңғыға қарағанда жақсы. Адамдар көп шығатын. Жаңа техниканы алғалы адамдар камаздың үстіне ғана шығады.

Бірлестік басшысы қант қызылшасын өсіруге қажет техникалар жиынтығын лизинг арқылы 230 млн теңгеге алды. Биыл ғана әкелінген жаңа комбайн мен трактор қазір тоқтаусыз жұмыс істеп,150 гектар жердегі өнімді жинап жатыр.

Дәуренбек Әуелбеков, бірлестік басшысы:

– Өнім жинау науқаны жақсы. Үкіметке рақмет. СЗЦ ашып, бір қызылша кешенін алып отырмыз. Сол кешеннің арқасында науқанды бітіріп қалдық. Енді маған қосылған шаруашылықтарды аламыз. Жерде ештеңе қалмайды. Сарқан ауданында шаруаларға көмектесетін 7 сервистік қызмет көрсету орталығы құрылған болатын. Мемлекет тарапынан көрсетілген осындай қолдаудың нәтижесінде көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын терім науқаны жеңілдеген. Бұл өз кезегінде тәтті түбір алқабының ұлғаюына ықпал етті.

Жандос Өмірсадық, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Аудан бойынша 2 мың 850 мың гектарға қант қызылшасы себілді. Өткен жылмен салыстырғанда 850 гектарға артып отырмыз. Бүгінгі күнге Ақсу қант зауытына өткізгеніміз – 21 мың тонна. Орташа өнімділік 416 центнерден алып отырмыз.

Өткен жылы аудан қызылшашылары 70 мың тонна өнім жинаған болатын. Дала еңбекшілері биыл бұл көрсеткішті екі есеге дейін арттыруды  жоспарлап отыр.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы