387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық тәрбиеші ер азамат балабақшадағы бүлдіршіндердің бабын тауып жүр

  • 296
  • UPD: 22:13, 20.10.2019

Петропавлдық Ерболат Жантасов 10 жылдан астам уақыт балабақшада тәрбиеші болып еңбек етіп келеді.

Алғашында ата-аналар ер азаматқа балаларын тапсыруға жасқанған екен.

Ал қазір жас маманның еңбегіне разы.

Ерболат Жантасовтың мамандығы – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Дегенмен ұстаздықтан гөрі мектепке дейінгі тәрбиемен айналысуды жаны қалаған. Қазір ол мұнда 80 балаға әкедей.

Расул Талғат, тәрбиеленуші:

– Ерболат Серікұлы жақсы адам. Ол бізбен ойнайды. Білім береді. Жақсы көреді. Күлімдеп жүреді.

Бүгінде Ерболат – нақ осы кинодағыдай, бірақ шынайы өмірде тәрбиеші. Бүлдіршіндердің көңілін табады, білім береді. «Есесіне, ер азаматтың ақыл-кеңесі жас өреннің ертең нағыз патриот болып қалуыптасуына тікелей әсер етеді», - дейді ол. Оның үстіне жас маман балалардың күлкісінен қуат алатындығын айтады.

Ерболат Жантасов, тәрбиеші:

– Балабақша менің екінші үйім ретінде. Өмірде әр түрлі жағдайлар болып тұрады. Сондай кезде балалармен 5-10 минут отырып әңгімелескенде, ләззат алып, шаршағаным басылып қалатын сияқты. Демалып қаласың. Балалардың сыңғырлаған күлкісі барлық проблеманы ұмыттырады.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні өңірдегі балабақшаларда ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүргендердің барлығы қыз-келіншектер. Ал Ерболат болса арпа ішіндегі бір бидай.

Айнұр Даниярова, балабақша әдіскері:

– Әйелдің немесе ер адамның еңбегі деп бөлмейді. Мысалы, қажет болса, топтағы қыздардың барлықтарының шаштарын өріп, көйлектерін кигізіп, ертеңгіліктерде қыздардың бантиктерін байлап, барлығын реттеп береді.

Тәрбиеші болу тек әйелдің ісі емес. Бұл ерлердің де қолынан келеді.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы