388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы елордада зағип балаларға арналған балабақша ашылады

  • 173
2020 жылы елордада зағип балаларға арналған балабақша ашылады astana.gov.kz

Кешкілік аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның құрылысымен танысты.

Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. 90 орындық мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Тұран даңғылы мен к. Күмісбекова). Балабақша көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан балаларға арналған. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан басқа, елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 2 балабақша жұмыс істейді, жаңа ғимарат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қамтуға бағытталған.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы