387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жыл басынан бері 116 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелген

  • 199
  • UPD: 08:20, 21.10.2019

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша 116 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішінде 39 құқықбұзушылықты жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің жасағаны анықталып отыр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 41%-ке төмен болғанымен, бұл бағытта әлі де ауқымды жұмыстар жүргізу қажет. Бұл туралы Оралда өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері: мемлекет пен қоғамның өзара әрекеті» атты шара барысында айтылды. «

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған дөңгелек үстелге мемлекеттік органдар мен саяси партиялардың мүшелері және кәсіпкерлер қатысты. Қазіргі уақытта өңірде «Болашаққа парасыз. Бірге!» жобасы, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Адал ұрпақ» клубы жұмыс істейді.

Оралбай Әбдікәрімов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ төрағасы:

- Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі біздің халқымыздың алдындағы үлкен міндет. Оған барлық азамат қатынасу керек. Біздің жұмысымыз соған бағытталған. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстарына сараптама жасап, қарап отырып, оның қандай кемшіліктері бар екенін айтуға арналған.

Сейітжан Қойбақов, қозғалыс өкілі (Нұр-Сұлтан қаласы):

- Біздің мақсатымыз – ел болып, халық болып сол күреске өз үлесімізді қосуымыз керек. «Баланы бастан, әйелді жастан» деген сияқты сондай тәрбиені жаңағы параны беруге, алуға болмайды деген, соны бала кезінен бастап өсіруіміз керек. Мақсатымыз – әр аймақтың өзінің тәжірибесі бар ғой, соны ортаға салып талқылап, бір-бірінен пайдалы сондай тәжірибесін алу.

 

Хабар 24 телеарнасы