386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қыс мезгілінде Қызылорда көшелерін қардан тазалауға 200 жұмысшы жұмылдырылады

  • 187
  • UPD: 09:16, 21.10.2019
Қыс мезгілінде Қызылорда көшелерін қардан тазалауға 200 жұмысшы жұмылдырылады

Қыз мезгілінде Қызылорда көшелерін қар мен мұздан тазалауға 200 жұмысшы жұмылдырылады.

Сонымен қатар 139 арнайы техника мен ондаған бригада көмекке әзір, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығының 47 көшесін қардан тазалау жоспарға енгізілген. Сондай-ақ 3 автокөлік және жаяу жүргіншілер көпірі де осы тізімге алынып отыр. Ол үшін қажетті көлемде реагенттер сатып алынған. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта барлық техника қыс маусымына сақадай-сай.

Марат Жаркеткенов, «Қызылорда тазалығы» ЖШС басшысы:

-452 тонна құм, тұз араласқан қоспа дайын тұр. Бүгінгі таңда 120 тонна тұзға және 1500 тонна құмға тапсырыс беріліп, осы қазан айының аяғында тасылып алынады. Қыс айларында серіктестік тарапынан 42 жүргізуші, 150 жұмысшы жұмылдырылып, 2 ауысымға диспетчерлерге арнайы кесте жасалып, бекітіледі.

Хабар 24 телеарнасы