386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттің коммуналдық қызметі қыс мезгіліне саласы 95% дайын

  • 174
  • UPD: 08:37, 21.10.2019
Шымкенттің коммуналдық қызметі қыс мезгіліне саласы 95% дайын

Миллион тұрғыны бар Шымкентте көшелерді қардан тазалау жұмыстарын 4 коммуналдық мекеме бірігіп атқарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 225 көшені ақ ұлпадан тазартып, құм сеуіп, халықтың кедергісіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасамақ. «Инертті материалдар да биыл артығымен алынған», - дейді қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Сұлтанхан Түзелов. Мәселен, қазір қоймада 15 мың текше метр тонна құм бар. 1700 тоннадан астам тұз да алынған. «Оларды мамандар қар жауған алғашқы күннен бастап аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолдарына себеміз», - дейді. Биыл коммуналдық кәсіпорын қосымша 20 арнайы техника сатып алыпты. Себебі, мегаполисте көшелер саны артқан. Қазір жалпы саны 151 техника қаланы қардан тазалауға дайын. Шаһарда коммуналдық қызмет көрсететін 1197 жұмысшы бар. Олар 3 ауысымда еңбек етеді. Ал техникаларды жанар-жағармаймен қамту қоры 75 мың тоннадан асады.

Сұлтанхан Түзелов, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы:

Бұрын бізде 183 көше болатын. Кейін елді мекендерден қосылған 41 көше бар. Соны қосып қазір соған бола 20 техниканы қосымша алдық. Одан кейін инертті материалдар қазіргі таңда 20 мың кубтай бар. Бұл жердің 14-15 мың кубтай осы жерде. «Юг-Дорсервисте» 4-5 мыңы бар. Тағы 5 мыңы тасымалданып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы