388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еңбекшіқазақ ауданында көп балалы отбасылар баспаналы болды

  • 146
  • UPD: 09:46, 21.10.2019

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында тұратын көп балалы аналар баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 10 жанұя өз шаңырағына кірсе, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 4 отбасы қоныс тойын атап өтті.

5 баланың анасы Алмагүл Манапбаева ертеректе оңтүстіктен осы өңірге еңбек етуге келіп, тұрақтап қалған. 1970 жылдары салынған ескі үйде өсіп-өнген отбасының үй кезегіне тұрғанына 10 жылға жуықтапты. Тағдырдың жазуымен үш баласы жүйке жүйесінің ауруына шалдыққан. Бүгін мұқтаж отбасы демеушінің көмегімен баспаналы болды.

Алмагүл Манапбаева, көп балалы ана:

- 2012 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданында үй кезегінде болғанмын. Бірақ кезек баяу жылжып жатыр. Бұл уақытқа дейін үйге қолым жетпеді. Енді Құдай қаласа, осы үйге келін түсіріп, немере сүйсем бе деген арманым бар.

Жәмиля Қадырбектің 6 баласы бар. Туған елге көшіп келгеніне 16 жыл болыпты. «Содан бері пәтердің қиындығын көп көрдім», - дейді ол. Көп балалы жанұя «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 6 бөлмелі үйге қол жеткізді.

Жәмиля Қадырбек, көп балалы ана:

- Бала-шағам да бәрі қуанып, жылы үйге жаңа үйге келгенімізге бәріміз қуанып жатырмыз. Мұндай үйде тұрмадық. Пәтер жалдап жүрдік. Кешеден бері паравой жаққан едік, ысып , жейдешең жүріп, мына  балам айтады қуанып, Елбасы атама рахмет, осындай үй беріп, қуаныш сыйлағандарына деп. Үлкен алғыс айтамын.

Елеусіз Сұлтанғазиев, ауыл ақсақалы:

- Балалардың күлкісі бүгін, бетіне қарасаң күлімдеп, сондай жақсы болып отыр. Сондықтан осы қамқорлық көбейе берсін, біз жомарт елміз ғой, елдігімізді көрсеткеніміз жақсы.

Еңбекшіқазақ ауданында 8632 көп балалы ана бар. Үй мәселесімен кезекте тұрған отбасылар саны – 162. Келесі жылы ауданда 180 пәтерлік көп қабатты үш үй салу жоспарланған. Жергілікті билік келер жылы мұқтаж отбасылар баспанамен толық қамтылады деп отыр.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы