388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ерікті жастар форумы өтті

  • 140
  • UPD: 09:57, 21.10.2019
Алматыда ерікті жастар форумы өтті

«Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қоры «Еріктілер жылы» қарсаңында 1500-ден астам волонтердың басын қосып, болашақ жоспарларын нақтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Форум үздіктерді марапаттаудан басталды. «Себебі, осы ұйымға өз еркімен келіп, өзгеге көмектесіп, қоғамның дамуына үлес қосқандарды нағыз отансүйгіштер деп атауға болады», - дейді «Қазақстан волонтелар лигасы» қоғамдық ұйымының төрайымы Айсұлу Ерниязова.

Сондай-ақ форум аясында еріктілер ұйымының ғаламтордағы сайты таныстырылды. Бұл сайт арқылы волонтерлар енді табыс табуды жоспарлап отырғанын жасырмады. Мемлекет тарапынан еш қаржыланбайтын ұйым енді «Ашық жүрек» деп аталатын жобаны да іске асырмақшы. Ол бойынша волонтерлар әлеуметтік 8 бағыт бойынша көмек көрсетпек. «Яғни, көп балалы аналар мен жалғыз қалған қарияларға, тіпті жануарларға қол ұшын беруге дайынбыз», - дейді жас еріктілер. Осыдан бес жыл бұрын 150 еріктімен өз жұмысын бастап кеткен лигаға бүгінде 5 мыңнан астам адам мүше.

Әзиз Кажденбек, «Қазақстан волонтелар лигасы» қоғамдық қорының үйлестірушісі:

- Волонтерлік дегеніміз ол «сен келесің міндетті түрде мынандай  дүниемен айналысасың» деген емес қой. Әркім өзінің жолын табу керек. Жүрегіне не жақын? Біреулерге жануар ұнайды, біреулерге үлкен кісіге қараған ұнайды. Біреулерге осындай үлкен жобаларды ұйымдастырған ұнайды. Біздің ең басты мақсатымыз жастар келген кезде біздің ұйымнан өзінің дұрыс бағытын таба білу.

Хабар 24 телеарнасы