388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қысқы маусымға дайындық қарқынды жүріп жатыр

  • 162
  • UPD: 16:38, 21.10.2019
Елордада қысқы маусымға дайындық қарқынды жүріп жатыр Елорда.инфо

Қала аумағынан қарды жинап, шығару үшін 1900-ге жуық арнайы техника сақадай-сай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көктайғақпен күресуге 25 мың текше метр көлемінде құм мен тұз араласқан қоспа дайын. Биыл жаңа реагенттерді де пайдаланып көру жоспарда бар. Аудан әкімдерімен де тығыз жұмыс жасалып, арнайы жоспар бекітілген. Сонымен бірге тұрғындардың қар жинау мәселелері бойынша өтінімдерін тәулік бойы «Ikomek-109» кезекші қызметі қабылдайды.

Марат Сүлейменов, «Астана Тазалық» ЖШС директорының орынбасары:

- Биыл бізде қысқа дайындық 100% деп санауға болады. Биылғы ерекшелік – сұйық тұз пайдаланғалы отырмыз. Былтыр кішігірім қиындықтар болған.Кейбір кезде машиналарда солярка қатып қалып, жолымызға машиналар қойып, уақытында алынбай, кедергілер жасайды.

Хабар 24 телеарнасы