387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменнің коммуналдық қызметі қысқа дайын отыр

  • 167
  • UPD: 10:54, 21.10.2019
Өскеменнің коммуналдық қызметі қысқа дайын отыр

Өскеменде коммуналдық қызмет жұмысшылары қыста 390 шақырымнан астам жолдың қарын күреп, көктайғақтың алдын алу шараларын жүргізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауқымды жұмысты атқаруға әкімдік қарамағындағы 80 көліктің қауқары жетпейді. Сондықтан жергілікті басшылық жыл сайын жеке кәсіпорындардың арнайы техникаларын жалға алып, тығырықтан шығып келеді. Биыл да осындай келісімшарт жасалып, көшелерді қардан тазалауға арнайы машиналар мен тракторлар әзірленді. Енді көктайғақ бола қалса, жолдарға себілетін инертті материалдарды жеткізу ғана қалды. Жуырда 2300 текше метрден астам құм алынады. Қала шаруашылығына жауапты мамандар «қысқа дайынбыз» деп отыр.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Техника дайын, арнайы компаниялармен келісімшарттар бар. Өйткені біз алдыңғы қыстарды ескере отырып, осынша 118 техника алып отырмыз. Қосымша халық өтініштері бойынша жұмыс атқарамыз. Өздеріңіз білесіздер, әлеуметтік желіде көптеген өтініштер түсіп отырады, халық өзінің күші жетпеген жерде әкімшілік келіп, көшені қардан тазалап береді.

Хабар 24 телеарнасы