388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда құрылыс қоқысы заңсыз тасталған жерлер анықталды

  • 169
  • UPD: 18:03, 21.10.2019
Нұр-Сұлтанда құрылыс қоқысы заңсыз тасталған жерлер анықталды

Нұр-Сұлтанда заңсыз құрылыс қалдықтары көбейіп барады. Эколог мамандар қала ішінде қоқыс жатқан 431 заңсыз орынды анықтады.

Соның ішіндегі 68 учаскеден қоқысты полигонға апарып жойған. Олардың басым бөлігі ЭКСПО аумағындағы Нұр-Есіл каналының маңы мен екіншісі Қорғалжын тас жолында орналасқан екен. Бас қаладағы қоқыс үйінділерінің бұлайша көбейгендігіне құрылыс компаниялары кінәлі дейді мамандар. Олар арнайы қоқыс тастайтын орынға баруға құлықсыз. Бір жағынан полигон ақылы қызмет көрсетеді.

«Сондықтан компаниялар қалдықтарды елорданың сыртына тастауын әдетке айналдырған»  дейді қалалық экология департаментінің қызметкерлері. Дегенмен, оны кімдер тастағанын нақты анықтау мүмкін болмай отыр. Олармен күресу үшін жауапты департамент аудан әкімдіктеріне хат жіберген. Қоқысқа салынатын айыппұлдың көлемі де мардымсыз көрінеді. Айта кетейік, жеке және заңды тұлғалар үшін айыппұлдар 10 айлық есептік көрсеткіштен басталады. Ал ірі кәсіпкерлер үшін 200 айлық есептік көрсеткішке жетеді. 

Ермахан Қозыбаев, қалалық экология департаментінің бөлім басшысы: 

- Осындай табиғат пайдаланушылардың кесірінен жыл сайын осы мәселе қайталануда. Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ең басты мәселенің бірі осы құрылыс қалдықтарын залалсыздандыру болып тұр.  03:25 Қазіргі уақытта 10 шағым келіп түскен.Сол шағым есебінен 10 тексеріс жүргіздік. Тексерістің қортындысы бойынша шара қолданып, әкімшілік жазаға тартылып нұсқама берілген. Ол нұсқамалар толығымен орындалды.

Хабар 24 телеарнасы