387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО тұрғындары қазанда жауған қардан әбігерге түсті

  • 172
  • UPD: 23:09, 21.10.2019

Қыстың ызғары да сезілді. Шығыс Қазақстан облысында күре жолдардың кей бөлігі көктайғақ. Құтқарушылар жол үстінде тұрып қалған көліктерге көмек көрсетіп жатыр. Ал синоптиктер бұдан әрі күн суыта беретінін айтады. Жол сақшылары болса жүргізушілерге көліктерін қысқы маусымға әзірлеуді ескертеді.

Қазанның қақ ортасында түскен қар жолаушыларды әбден әбігерге салды. Өткен демалыста Өскемен-Алтай, Өскемен-Риддер, Өскемен-Самар бағытында бірнеше көлік сапарларын жалғастыра алмай, жолда тұрып қалған. Тіпті бір жолаушылар автобусы сырғып барып жол жиегіне әрең тоқтаған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша көлік жүргізушілерінің барлығы да сол күндері күн райының бұзылатынын алдын ала біле тұра,  сапарға қамсыз шыққан.

Андрей Ларионов, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары:

- Жүргізушілер ең соңғы сағаттарда  ғана дөңгелектерін қысқы маусымға ауыстыру керегін  естеріне түсіріп жанталасып жатады. Тіпті осы дөңгелекпен жетіп аламын деп алыс  жолға  шығып кететіндер көп. Бұл салғырттықтың соңы қандай ауыр жағдайда душар ететінін ұмытып кетеді.Сондықтан қазір көлік жүргізушілерін тоқтатып есркету жасап жүрміз.

Осылайша  көлік жүргізушілері арнайы техникалардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Жолдарға қызмет көрсететін мекеме өкілдері тек қана Өскемен-Алтай бағытынан 80-ге жуық көлікті қардан аршып, жолаушыларды қайта жолға салды. 

Дастан Тоқтыбаев, №30 жолды пайдалану басқармасының директоры:

- Біздің камаздар, тайғаққа қарсы құм сеуіп, 20-30 үлкен автокөліктерді шығарып алдық, 50 шақты жеңіл көлік шығаып алдық жолдан.

Синоптиктердің болжауынша,  жауын шашын басылғанымен аяз әлі  де жалғасады. Тіпті сынап бағаны кейбір аймақтарда түнде -17 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Надежда Говоркова, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының инженер-синоптигі:

- 22 қазан күні түнде  сынап бағанасы 12-17 күндіз 2-7 грдасуқа дейін төмендеуі мүмкін. Жауын шашын болмайды.

Екі-үш күннен соң аяз сынады. Алайда ондай күндер ұзаққа созылмайды дейді мамандар. Сондықтан тәртіп сақшылары барлық жолаушыларға алыс сапарға шығарда  сақтық шараларын күшейтуді ескертеді.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы