388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алты жүз батыр 50 мың жоңғарға тойтарыс берген Орбұлақ шайқасы сахналанды

  • 276
  • UPD: 21:50, 21.10.2019

Ұлт тағдыры сынға түскен ұрыстардың бірі «Орбұлақ» шайқасы. Қазақ елін жаулауға келген жоңғар қоңтайшысының 50 мың сарбазын Салқам Жәңгірдің 600 батыры тоқтатқаны тарихтан мәлім. Сол кезде қолданылған соғыс жүрзігудің озық үлгісі ашық алаңда көрініс тапты. 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Орбұлақ шайқасында алғаш рет, ор және оқпана қазу тактикасы қолданылды. Сонымен қатар, улы жебе, сасықтекенің түтіні, отты қару пайдаланылды. Табиғи жағдайды тиімді пайдалану арқылы аз күшпен жаудың қалың қолын тойтарған болатын. Бүгінгі қойылым барысында мейлінше шынайы сахналанды.

Ұрыс даласындағы Салқам Жәңгірге Самарқаннан Жалаңтөс баһадүр бастаған 20 мың қолы келіп көмектескен. Күш біріктірген қалың әскер жоңғарлардың сағын сындырып, жеңіске жеткен. Қазақ даласын бақыншылардан азат еткен тарихи сәт көрерменге ерекше әсер етті.

Әсия Мұхаметжанқызы, қала тұрғыны: 

- Қазақтың жерін қорғаған батырларды көз алдымызда көрдік. Өзіміз де соның ішіндегі участниктердің арасында болғандай болдық. Бұл іс шара жақсы өтті. 

Жексенбек Мықтыбайұлы, қала тұрғыны:

- Қазақ жауынгерлерінің елі мен жерін қорғаған бір тұтам жерін жауға бермеген ата-бабаларымыздың ерлігін көз алдымыздан өткізіп, бір көтеріліп қалдық.  Бұл кейінгі келе жатқан жастарға үлгі.

Айбек Құрманқажы, оқушы:

- Маған бүгінгі қойылым ұнады. Біздің батыр ағалар аз болса да көп жоңғарды жеңді. Маған осы қылышты батыр ағаларым берді. Менде өскенде батыр ағаларым сияқты боламын. 

Талдықорған қаласында бұл тарихи жеңіске арналған қойылым осымен екінші рет сахналанып отыр. Оған актер, каскадерлармен қоса алғанда барлығы 1500 адам қатысты. Бабалар жеңісі ұлықталып, ұлт бірлігін айғақтайтын шараның мән мағынасы терең.  

Амандық Баталов, облыс әкімі:

- Мәскеудің жанында болған Бородино шайқасын қайтып көрсетеді. Еуропада болған Ватерлоу соғысын скл көрсетеді.  Біз неге қазақтың осындай батыр болған кездерін көрсетпейміз. Жастарға үлгі болсын. Ешқашан ұмытпауымыз керек. Онымен біліп, мақтанып, балаларға үйретуіміз керек.

Бақытжан Бұқарбай, баспагер:

- Бұл жеңіс қазақтың ауызбірлігінің арқасында мүмкін болды. скл. бірлікке келмесе бұл жеңіс мүмкін болмас еді. Маңызды сабағының бірі қазақ ел болам десе, өз мемлекетіне өзі ие болам десе, бірлікті бағалай білу керек.  Ауызбіршілікті болу керек. 

Бұл күні атшабар аумағында  2тонна бауырсақ пісіріліп, Қазақстанның ректордтар кітабына енді. Қала тұрғындары ұлттық тағамнан ауыз тиіп, қолөнер туындыларының, зергерлік заттардың жасалу жолын тамашалады. Сонымен бірге құсбегілік өнердің де қыр сырына қанықты. Көнерген бұйымдардың көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды. 

Әуесхан Мажайқызы, қолөнер шебері:

- 500 жыл болған бұрыңғы төрт атадан бері ата бабаларымыздың солардан қалған мұраны әкеп отырмыз. Екінші өзімнің қолөнерімді әкелдім. Мақсатым жастарды қазақи дүниеге үйрету.

 Айтулы шара Балпық бидің 325 жылдығына арналған ұлттық спорт ойындарына ұласты. Білекті де жүректі жігіттер қазақ күресінен сынға түссе,  мергендер жамбы атудан жарысты. Ауыздықпен алысқан сәйгүліктер бәйгесі де ұйымдастырылды. Бабалар ерлігі, салт-дәстүрі насихатталған шара көпшіліктің көкейіне ой салып, отансүйгіштік қасиетін арттырды. 

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы