387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда актерлер көкпар тартысты

  • 159
  • UPD: 21:48, 21.10.2019

Қазақстандық актерлер көкпарға бет бұра бастады. Көрермендерге кино арқылы танылған өнерлі жігіттер Алматыда арнайы жарыс ұйымдастырды. Ат жалын тартып, додаға түсті. 

Көкпарға қатысатын жігіттерге ең алдымен батылдық қажет. Ал, ат үстінен ауып қалмау үшін  тақым мықты болу керек. Қауіпті спорт саналса да қазақстандық актерлер көкпарды қызыға тартты. Енді Асылхан Төлепов, Аян Өтепбай, Ғазірет Қажымұқанұлы мен Олжас Әлжанов секілді жігіттерді тек экраннан ғана емес көкпар додасынан да көруге болады.

Олжас Әлжанов, актер:

- Енді Аян, Асылхандар бізге қарағанда әрине атқа көп шапты. Кинолардан байқасаңыздар көптеген аттармен байланысты киноға түсті. Біз осыдан біржарым ай бұрын Асылхандармен бірге бірінші рет ойнап көрдік. Сол кезде жеңілдік біз. Ол кезде біз енді көкпарды ойнап та білмейміз. Көтеріп те білмейміз жерден. 1 ай, 1,5 ай дайындалдық. Бүгін тартысты ойын осы жерде ұйымдастырып жатқан жәй бар.   

Олжас Әлжанов қазіргі уақытта көкпар туралы телехикаяға түсіп жүр екен. Жалпы кез-келген қазақ жігіті ат құлағында ойнауы керек, дейді Олжас.

Олжас Әлжанов, актер:

- Көкпарда ең қауіпті жері травма. Мен осы 1 апта бұрын басымды жарып алдым. Тіктіріп басымды. Бірақ енді сонысымен қызық.

Нұрбол Бөрібек, төреші:

- Көкпар өзі тарихы аңшылықтан басталады ғой. Көкбөрі деген аңшылықтан. Байырғы заманның аңшылығы осы заманға сай спорт ретінде қалыптасты.   

Актерлердің қатысуымен өткен көкпар көрермен көңілінен шықты. Көкпар Орталық Азия халықтарына тән ойын. Аталуы әртүрлі болғанымен мақсаты бір. Ол жігіттерді ептілікке, шапшаң қимылдауға үйретеді. 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Гүлбану Жұмабай

Хабар 24 телеарнасы