387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада «Жүрек жылуы» фестивалі өтті

  • 216
  • UPD: 23:56, 21.10.2019

Қызылордада өнерлі балалар мен жастар арасында «Жүрек жылуы» атты фестиваль өтті. Оның аясында сәндік-қолданбалы қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Айта кету керек, бұл фестивальға мектеп оқушыларынан басқа, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының мүмкіндігі шектеулі студенттері де қатысты. Іріктеу кезеңінен өткен 129 қатысушы алты түрлі өнер жанрында өз қабілеттерін көрсетті. 

Қаракөз Қыдырбаева, байқауға қатысушы:

- Осы байқауға қатысып отқаныма ризамын. Мен осы байқауға 20 шақты заттар әкелдім. Ол заттар фетр, фаомиран және де моншақтардан әкелдім.

Бағдагүл Сайынқызы, халық шығармашылығын дамыту орталығының бөлім басшысы:

- Биылғы байқауымыз енді онлайн іріктеу түрінде өтті. Өйткені фестиваль ретінде ұйымдастырып жатырмыз бұл байқауды. Өнерпаз балалармыз байқауды жылда күтеді, асығады, жылда жаңадан есімдер шығады, бұрыннан келе жатқан қатысушы балаларымыздың жылдан жылға дамып отқанын байқау арқылы байқап отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы