388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет отырысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу мәселесі көтерілмек

  • 112
  • UPD: 16:23, 23.10.2019

Жыл басынан бері елімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 мың 253 жоба қарастырылып, оның 600-ден астамы қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Үкімет мүшелері бас қосқан жиында Мемлекеттік жекешелік әріптестіктің іске асырылуы барысы талқыланады. Сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы да осы Үкімет отырысында көтерілмек.

Нұрбек Байбосын, тілші:

– Бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде екі бірдей бағдарламаның орындалуы назарға алынбақ. Ол 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері. Үкімет отырысы жаңа ғана басталды. Әзірге салаға жауапты ведмоствалардың осы тұрғыда атқарған жұмыстары баян етілуде.

Айта кетейін, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жалпы 3 жарым триллион теңгеге 1253 жоба қарастырылған. Соның 615-і бойынша келісімшарт жасалған. Ол 1,6 триллион теңгені құрайды. Осы жобаның 9 республикалық деңгейде жүзеге асырылса, 606-сы облыс көлемінде іске асады деп күтілуде. Ал 1253 жобаның 638 қазір дайындалуда екен. Оған 1,9 триллион теңге бағытталған.

Жобалардың басым бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, мәдениет және спорт салаларын қамтиды. Мамандардың пікіріне сүйенсек, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік инвестицияларды барынша арттыруы тиіс. Әрі мемлекеттік-жекешелік әріптестік бұл экономикалық өсуді ынталандырудың тиімді және прогрессивті құралы екендігін де айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы