380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жыл соңына дейін 10 проблемалық нысан пайдалануға беріледі

  • 256
  • UPD: 12:34, 22.10.2019
Нұр-Сұлтанда жыл соңына дейін 10 проблемалық нысан пайдалануға беріледі

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов үлестік құрылыс объектісіне барды.

«Комфорт de luxe» тұрғын үй кешенінің үлескерлерінің саны 200-ден астам адамды құрайды.

«Шатырды жөндеу, ғимараттың қасбеті, пәтерлердің ішкі әрлеуі бойынша жұмыстар аяқталды. Инженерлік желілер салынды. Үйлерді инженерлік желілерге қосу мен аумақты абаттандыру жұмыстарын аяқтау қалды. Үйді жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда», – делінген әкімдіктің ресми сайтында.

Айта кетейік, елордада барлығы 51 проблемалық нысан бар (76 үй). Жыл соңына дейін солардың 10-ы пайдалануға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы