385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытына 400 млн теңге айыппұл салынды

  • 176
  • UPD: 16:07, 23.10.2019
Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытына 400 млн теңге айыппұл салынды

Алпауыт кәсіпорын 3 жыл бойы ебін тауып, мемлекеттік кіріске енетін экологиялық төлем көлемін азайтып келген,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған заңсыздықты табиғатты қорғау прокурорлары әшкереледі. Құзырлы орган өкілдерінің мәлімдеуінше, өндірістен шыққан қауіпті қалдықтар шлак ретінде көрсетіліп келіпті. Енді металлургиялық өндіріс орны шығынды толықтай өтейтін болады.

Ерлан Бәденбаев, облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:

– Олар қалдықтың жарты бөлігін шлак ретінде көрсетіп келген, алайда шлак – бөлек қалдық, ал қауіпті қалдықтар мүлдем бөлек нәрсе. Яғни салық мөлшерінің айырмашылығы жер мен көктей.

Хабар 24 телеарнасы