388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін 193 қызметтің 76% электрондық нұсқада ұсынылады

  • 165
  • UPD: 16:07, 23.10.2019
БҚО-да жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін 193 қызметтің 76% электрондық нұсқада ұсынылады

Оралда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі республикалық арнайы мониторингтік тобы мүшелерінің қатысуымен жиын өтті,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосу барысында топ өкілдері жергілікті тұрғындардан түсетін арыз-шағымдар мен ұсыныстарды талқылады. Мысалы, «Жасырын сатып алушы» жобасы аясында мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы делдалдар мен көші-қон және әкімшілік полиция қызметін қадағалауға алған.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін 193 қызметтің 76 проценті электрондық нұсқада ұсынылады. Жыл басынан бері ұйымдастырылған 32 аукцион арқылы жалға беру құқығымен 180 жер учаскесі онлайн жүйесінің көмегімен сатылыпты.  

Арман Бердалин, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі:

– Біздің агенттіктің ең басты мақсаты – тек қана жемқорлардың қолына кісен салып, оларды темір тордың ар жағына тоғыту емес, алдын алу, ескерту. Сол мақсатта біз барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілермен де кездесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы