384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елік пен бұғы, қабан мен қасқыр... Жасырын камераға түсіп қалған тіршілік иелері

  • 363
  • UPD: 14:42, 22.10.2019
Елік пен бұғы, қабан мен қасқыр... Жасырын камераға түсіп қалған тіршілік иелері

Жабайы аңдар бейнеленген кадрлерді орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook  парақшасында жариялады.

«Сәлем, Риддер! Достар! 2019 жылдың жаз айында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында фототұзақ құрылған еді. Нәтижесі көп күтірмеді. Еш алаңсыз жайылып жүрген бұғы мен елік, азулылардан қабан мен қасқыр объектив назарына іліккен. Бұл – Риддер табиғаты әдемі ғана емес, флора мен фаунасы алуан түрлі екенінің дәлелі», –  делінген жазбада.

Еске сала кетейік, бұған дейін табиғат жанашырлары фотоқақпанға барыстың ұрғашысы түсіп қалғанын хабарлаған еді. 

Хабар 24 телеарнасы