388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы басталды

  • 280
  • UPD: 16:06, 23.10.2019

Елордадағы ЕЦ-166 да 10 тергеу изоляторында Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот басталды,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Істі мамандандырылған ауданаралық соттың судясы Әділхан Шайхисламов жүргізіп жатыр. Алғашқы тыңдалым ашық өтуде. Оған айыпталушылардың туыстары да, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де келген.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

– Мына темір есіктің арғы жағында Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Оларға Қазақстанда тыйым салынған «Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымына қызмет етті, экстремизді насихаттады және өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылып отыр. Бүгін прокурор тағылан айыпты оқып шықты. Сот залында 14 сотталушының он үші отыр. Біреуі денсаулығына байланысты мамандандырылған ауруханада жатыр. Дегенмен ол видеобайланыс арқылы процеске қатысты. Айта кетейік, айыпталушылардың ең үлкені 50-де, ал ең жасы 22-ден асқан. Сириядағы соғысқа қатысу үшін елден аттанған. Алайда «Жусан» операциясының шеңберінде мамыр айында елге қайтарылған. Бұл операцияны еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комиеті жүргізді. Олар Сириядан жалпы 595 қазақстандықты қайтарды. Олардың 400-ден астамы – балалар. Бұған дейін елге оралған он ер адам мен бес әйел түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Оларға террорлық ұйымның қызметіне қатысты деген кіні тағылған.

Айта өту керек, бұл – ақапарат құралдары өкілдері қатысып жатқан алғашқы ашық сот отырысы.

Хабар 24 телеарнасы