388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада республикалық тіл форумы өтеді

  • 281
  • UPD: 16:06, 23.10.2019
Елордада республикалық тіл форумы өтеді

24 қазанда елордада «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» деген тақырыппен республикалық тіл форумы өтеді,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ге жуық адам келеді деп жоспарланып отыр. Олардың арасында парламент депутаттары, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компания өкілдері, білім беру, ғылым, бизнес сияқты салалардың мамандары бар. Жиында тіл тазалығы, латын графикасына көшу сияқты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланады. Сондай-ақ форум аясында жаңа әліпби мен қазақ тілін оңай әрі тиімді жолмен үйрететін интерактивті құралдардың көрмесі ұйымдастырылады.   

Нұрғиса Дәуешов, ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

– Форум аясында таныстырылатын, көрсетілетін тағы бір нәрсе - жаңа әліпбиге негізделген оқыту және үйрету әдістемелерін әзірлеу және латын графикасын ай-ти технологияларға бейімдеу. Сарапшылардың өнімдері таныстырылады.

Хабар 24 телеарнасы