387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының ауасынан көп мөлшердегі зиянды заттар анықталды

  • 197
  • UPD: 16:50, 22.10.2019
Алматының ауасынан көп мөлшердегі зиянды заттар анықталды krisha.kz

Алматы қаласының ауа құрамынан кейбір зиянды заттардың мөлшері белгіленген концентрациядан 1,2-2 есе артық, деп хабарлады Ұлттық сараптама орталығы хабарлады.

«Жыл сайын Алматы қаласының ауа бассейнінің жағдайына зертханалық мониторинг жүргіземіз. 2019 жылдың бірінші жартысында 1576 ауа сынағы өткізілді, оның ішінде 431 сынама нормаға сай келмейтін жағдайларды анықтады. Санитарлық нормаларға сәйкес азот диоксиді құрамы шекті рұқсат етілген концентрациядан 2,2 есе, күкірт диоксиді 1,2, көміртегі оксиді 1,4 есеге асып түсті. Бұл ластаушы заттар адам денсаулығына зиянынын тигізеді», - деді орталық өкілдері.

Мамандардың айтуынша, ауада көміртегі оксидінің иісі де, түс де байқалмайды. Бірақ бұл дене тіндерінде оттегінің жетіспеушілігін тудырады, бұл бас ауруы, айналуы, жүрек айнуын туғызып, адамның есінен тануына себеп болуы мүмкін.

«Ал ауада азот диоксиді көміртегімен араласқанда фотохимиялық тұманның, яғни смогтың пайда болуына әсер етеді», - деді сарапшылар.

 

Хабар 24 телеарнасы