384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда нан қымбаттады

  • 212
  • UPD: 19:59, 22.10.2019
Таразда нан қымбаттады

Таразда нан бағасы 10 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ас атасы дүкендерде 85 теңгеден сатылып жатыр. Алдын ала болжам бойынша әлеуметтік нан бағасының өсуі астықты өңірлерде ұнның қымбаттауымен байланысты болуы мүмкін. Осындайда нарықты жіті зерттеп, зерделеу жүргізуге жауапты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қымбатшылыққа қатысты ресми ақпар беруден бас тартты.

Қазір өңірдегі тұрақтандыру қорында ұн таусылған. Мамандар солтүстік аймақтардан арзан ұн мен бидай іздеп жатыр. Ал, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары негізгі деген 6 наубайхана қожайындарына бағаны көтермеу жөнінде ескерту хатын әзірлеп жатыр. Олар барлық нан зауытында ұн қоры бір уақытта таусылды дегенге сенбейді.

Хабар 24 телеарнасы