388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық мұғалімдер сабақ берудің жаңа тәсілдерін меңгеруде

  • 178
  • UPD: 20:31, 22.10.2019
Қарағандылық мұғалімдер сабақ берудің жаңа тәсілдерін меңгеруде

«Үздік бейне сабақ». Қарағандыда мұғалімдер арасында осындай байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуелде 150 ұстаз өз еңбегін ұсынғанмен, олардың арасынан үздік 65-і іріктеліп алынған. Енді ол бейнесабақтар үлгі ретінде арнайы сайтқа жүктеледі. Кейін әдістемені кез келген мұғалім өз сабағына пайдалана алады. Мақсат – жаңартылған білім бағдарламасын оқушыларға жалпақ тілмен жеткізу. Яғни, ұстаздар түрлі тәсілдерді қолдана отырып, өзгеше сабақ өткізеді. Оны бейнетаспаға түсіріп, комиссияның қарауына ұсынады. Кәсіби мамандардың сүзгісінен өткендері кейін барлық мектептерде қолданылмақ.

Жанар Дошакова, М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның мұғалімі

- Бұл байқау мен үшін өз тәжірибемді жұртшылыққа көрсетуге, сырттай бағасын алуға, республикдағы әріптестеріміздің озық тәжірибелерін зерделеуге және де өзімнің педагогикалық білімімді арттыруға көмегін берді. Бұл байқау педогогтердің мәртебесін арттыруға көмектесетін үлкен байқаулардың бірі болып табылады. Педогогтердің ақпараттық телекоммуникациялық және технологиялық құзіреттіліктерін қалыптастырады.

Хабар 24 телеарнасы