384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісу өңірінде облыстық маңызы бар жолдардың 22%-ін түбегейлі жөндеу қажет

  • 157
  • UPD: 20:48, 22.10.2019
Жетісу өңірінде облыстық маңызы бар жолдардың 22%-ін түбегейлі жөндеу қажет

Су өткізетін құбырлар мен көпірлер де тозып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, олардың 70%-і қауіпті. Өңір биыл 8 көпірді жөндеп жатыр. Алдағы екі жылда республикалық бюджет есебінен осындай 20 нысан қайта жаңартылмақ. Сонымен қатар алдағы жылы Алматы облысында 350 шақырымнан астам жол жөнделуі тиіс. Яғни, Талдықорған – Сарыөзек және Үлкен Алматы каналын жанай өтетін Молалы айналмасы мен Егінсу жол бөліктері қолға алынады.

Ержан Жасыбаев, облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Биылғы жылға 20 млрд ақша бөлінді. Оның 12 миллиарды облыстық бюджеттен, 8 миллиарды республикалық бюджеттен. Келесі жылға 8 миллиардқа қорған жасап келдік, жобалардың бәрін қорғап, қалғанын облыстық бюджетке өтінім беріп отырмыз. Жұмыстардың бәрін көрсеттік.

Хабар 24 телеарнасы