389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы теміржол бойында тыйым салынған вагондар мен электровоздар жүр

  • 124
  • UPD: 21:08, 22.10.2019
Жамбыл облысындағы теміржол бойында тыйым салынған вагондар мен электровоздар жүр

Теміржол бойында жүруге тыйым салынған вагондар мен электровоздар жүр. Жамбыл облысында осындай жағдайды көлік прокурорлары анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, 2 қызметтік вагон мен 11 электровоз әбден тозығы жетсе де, теміржолдан түспеген. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы декларациясы болмаса да, үш кірме жол екі жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келіпті. «Бұл жергілікті тұрғындар мен теміржол қызметіне қауіп», - дейді мамандар.

Нұрбол Жораев, Жамбыл көлік прокуратурасының аға прокуроры:

- Бұл техникалар мен кірме жолдарды пайдалану уақытша тоқтатылды. Кірме жолдардың қожайындары әкімшілік жауапқа тартылды. 160 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік шаралары ерекше бақылауға алынған.

Хабар 24 телеарнасы