384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының ірі мейрамханалары мен қонақ үйлері 7 млрд теңге табысын жасырған

  • 205
  • UPD: 21:14, 22.10.2019
Алматының ірі мейрамханалары мен қонақ үйлері 7 млрд теңге табысын жасырған

Алматының ірі мейрамханалары мен қонақ үйлері салық төлеуден қашады.

Есеп беру барысында кәсіпкерлер өз табыстарын 2,5 есе азайтып көрсеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеру нәтижесінде 7 миллиард теңгенің қазынаға түспегені белгілі болды. Қаладағы 30 ғимарат салықтық тексеруден өткен. Жыл соңына дейін тағы да 185 дәмхана, мейрамхана, сауна мен қонақ үйлердің табысына бақылау жүргізіледі. Алматылық кәсіпкерлер сондай-ақ 400 қызметкерді еңбек келісімшартынсыз жұмысқа алған.

Нұрболат Жұмаханов, қалалық мемлекеттік кіріс департаменті, басқарма басшысы:

Тексеру барысында 12 миллиард теңге кіріс анықталды. Ал олар табыстарын 5 миллиард теңге көлемінде деп көрсеткен. Салық төлеушілер күніне 100 тұтынушыға қызмет көрсетсе де, тек 5-6 ғана чек ұрып отырған. Олар тиісті жаза қолданбай-ақ, қателіктерін түзеді.

Хабар 24 телеарнасы