389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендіктерді апатты жағдайдағы газгольдерлер мәселесі толғандырып отыр

  • 136
  • UPD: 08:52, 23.10.2019

Өскеменде  апатты жағдайда тұрған газгольдерлер мәселесінің шешілер түрі көрінбейді. Талайдан бері айтылып келе жатқан бұл жағдай  тұрғындарды  алаңдатып отыр. Өйткені  қаланың кейбір  жерлерінде ондай құрылғылардың тұрғанына 20 жылдан асқан. Сондықтан маңайына өткір иіс таратып тұрған газ тарату  жүйелерін өскемендіктер нағыз «апат көзі» деп санайды.

Өскемендіктер қазір  орталықтандырылған көгілдір газ тұтынбайды. Сондықтан  газгольдерлер осылай қаңырап тұр. Алайда үй ауласында тұрған бұл құрылғылар  тұрғындардың мазасын қашыруда. Өйткені онсыз да  экологиялық ахуалы мәз емес, қалаға қосымша өткір иіс тарайды. Келер қауіп те аз емес. 

Белдібай Кәукілұлы, қала тұрғыны:

- Мына жерде балалар ойнайы,кісілер тұрады,дышать невозможно,жазда ыстықта терезе аша алмаймыз мүлдем, бізге цистернаны әкетеміз деп аздай айтып, 1 жұмадан кейін,1 айдан кейін и до сих пор.

Газ  тарату жүйесі орналасқан бұл жерлер  бүгінде қоқыс алаңқайына айналып бара жатыр. Ал ондағы темір бөлшектерді ұрылар қолды етуде.Экологтар аталған мәселе жайлы жақсы біледі. Бірақ қоршаған ортаға қанша қауіп төндірсе де ешкімді жазалай алмай  жіпсіз байлануда. Себебі газгольдерлер ешкімнің балансында жоқ. 

Елена Полянцева, ШҚО экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы:

– Ол құрылғылардан  тарап жатқан газ қалдықтары қоршаған орта үшін қауіпті екені  анық. Көптеген зиянды қалдықтар ауаға жайылып, тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Иесіз газгольдерлердің орнын жеке кәсіпкерлер иеленуге әзір.Осылайша ол жерлерге шағын сауда нүктелерін ашуға ниетті. Дегенмен, әкімдіктің  рұқсатынсыз олар  бұл шаруаны бастай алмайды.Кәсіпкер Самат Бектембаевты мына алшақта тұрған газгольдердің орналасқан жері қызықтырыпты. 

Самат Беткембаев, кәсіпкер:

- Егер маған осы жерді берсе, мен жанар май құю бекетін салар едім,ол менің қолымнан келеді. 

Кейбір өскемендіктер жауапты мамандардың қимылдауын күтпей-ақ газ қондырғыларының  аумағын өздерінше безендіріп қойпты. Ал әкімдік өкілдері болса әлі де бұл мәселені зерттеп жоспар құрумен жүр. 

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Бұл мәселені білеміз,жақсылап зерттедік, жан-жақты бұл мәселе бойынша қазір кешенді жоспар қабылдап, жұмыс бастаймыз, қауіпті қондырғыларды өскемен қаласындағы аулалардан алып тастауға.

Айта кету керек, жалпы облыс орталығында  145 газгольдер бар екен. Оның тек 18-і ғана іске жаратылуда. 

Авторлары: Эльмира Ахметова, Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы