384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы жеке үйлердің өрт қауіпсіздігі тексерілді

  • 215
  • UPD: 09:03, 23.10.2019

Жылыту маусымы басталысымен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеке тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі жағдайын тексеруді бастады.

Өйткені әр үйдің жеке жылыту қазандығы болғандықтан өрт көп шығады. Осыған байланысты мамандар тексеру, түсіндіру шараларын бастады. Қауіпсіздік рейдтері жылыту маусымы аяқталғанша жүргізіледі. Сонымен қатар құтқарушылар көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға түтін мен ыс және газдың иісіне қарсы дабыл қағатын арнайы қондырғыларды тегін орнатып бермек. 

Асыланбек Хафизұлы, облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі басқармасының қызметкері:

- Атырау облысы бойынша 221 өрт тіркелді. Оның 49% тұрғын үй секторында және 31 проценті автокөліктерде болған. Жалпы өрт себептері электр қондырғыларын дұрыс пайдаланбау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және тұрғын үй секторындағы жылыту пештерінің талапқа сай келмеуі.

Хабар 24 телеарнасы