429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы көшелерге жол салынып, жарық берілді

  • 1096
  • UPD: 09:11, 23.10.2019

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында 9 көшеге жол төселіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Оған «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен 400 млн теңге қаржы қаралған. Жолдары жөнделіп, жүрісі түзелген ағайынның қауынышында шек жоқ. Шаяндықтардың көңілі шат-шадыман. 

Ғалымжан Шертаев осы Шаян ауылының тумасы. Елді мекеннің орталық көшелеріне аяқ жол төселіп, электр бағаналары орнатылып жатқанына дән риза. Себебі мектепке баратын немерелері бар. «Қыс пен көктем айларында аяқтары балшықтан малмандай болып келеді» дейді. Енді таза жолмен қатынайтын болып деп қуанып отыр.

Ғалымжан Шертаев, Шаян ауылының тұрғыны:

- «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатқан жолаяққа өте риза боп отырмын. Бұрын жүрген кезде аяғымыздың бәрі былғанатын. Бала-шағамыз аяқтары былғанып, сабақтан әбіржіп келетін. Қазір енді таза жол салынып жатыр. Игілігімізге пайдаланайық.

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылындағы 9 көшеге аяқ жол төсеу үшін республикалық бюджеттен 400 млн теңге қаржы қаралған. Қазір 50-ден аса жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылып, біркелкі тасты қалап жатыр.

Руслан Нұрланбетов, аудандық ТКШ бөлімі басшысының м.а.:

- Қараша ауыл көшесінде тротуардың ұзақтығы 4,2 шақырым болады. Көше жарықтарының қашықтығы 2 шақырым болады. Әуезов көшесі – 1,5 шақырым, Шөкеев көшесі – 2,1 шақырым, Әлжанов көшесі – 1,6 шақырым. 10 шақырымға жуық аяқ жол салынып отыр.

Сондай-ақ мердігер мекеме жол бойына көше шамдарын орнату жұмыстарын да қатар атқаруда. Бұл нысандар жыл соңына дейін толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілетін болады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Самат Нағашыбекұлы

Хабар 24 телеарнасы