424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар әскери соттар таратылды

  • 763
  • UPD: 11:38, 23.10.2019
Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар әскери соттар таратылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы гарнизондарының бірқатар әскери соттар таратылды, деп хабарлады ҚР әскери сотының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 15 қазандағы Жарлығымен мыналар таратылды:

Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты;

Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты;

Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты;

Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты;

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты;

Жарлық заңды күшіне енді.

Сонымен қатар, соттылығына қарай:

Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты істері Ақтөбе гарнизоны әскери сотына;

Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты және Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты істері  Ақмола гарнизоны әскери сотына;

Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты істері Алматы гарнизоны әскери сотына;

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты істері Семей гарнизоны әскери сотына қарайды.

 

Хабар 24 телеарнасы