384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келген туристер бір күнде кетіп қалмайтындай жағдай жасауымыз керек - Шөкеев

  • 518
  • UPD: 14:32, 23.10.2019
Келген туристер бір күнде кетіп қалмайтындай жағдай жасауымыз керек - Шөкеев

Арыстан баб кесенесі мен Түркістанның арасындағы жол құрылысының жұмысы келесі жылы басталады.

«Бұл республикалық меншіктегі жол. Арнайы қаржы бөлініп, 70 км жер толық күрделі жөндеуден өтеді», - деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек Сауранға баратын жолдарды өз есебімізден, яғни облыстық бюджет есебінен жөндейтін боламыз.

«Бұл өте маңызды. Келген туристер бір күнде келіп, кетіп қалмайтындай, облысты толық аралай алатындай жағдай жасауымыз керек», - деді облыс басшысы.

Түркістан облысындағы туризмді 4 бағытта дамуы қажет екенін де атап өтті.

«Біріншісі - қажылық туризм. Барлық Қазақстан мен Орта Азиядан келеді. Қолжетімді транспорт, қонайүлер, тамақтану және арнайы оқытылған гидтермен қамтамасыз етуіміз керек. Археологиялық туризм де бар. Бұл енді тарихи туризм. Бұл бағытта біз халықаралық деңгейдегі әуежай, 4-5 жұлдызды қонақүйлер салып және жоғары деңгейдегі тамақтану жүйесін енгізуіміз керек», - деді Ө.Шөкеев.

Сонымен қатар осы орайда Өзбекстан мен Қазақстанның арасын жалғайтын жоғары жылдамдықты темір жол құрылысынның да маңызын атап өтті.

Айтуынша, Самарқан, Бұқара қалаларына келетін туристердің Түркістанға да келгісі келеді.

Айта кетсек, облысқа өткен жылы 1 млн 400 мың турист келген.

Хабар 24 телеарнасы