388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қар тазалау техникасының саны былтырғыдан аз

  • 123
  • UPD: 16:09, 23.10.2019
ШҚО-да қар тазалау техникасының саны былтырғыдан аз

Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық  маңызы бар жолдарды қардан тазалау жұмыстарына биыл 162 арнайы техника жұмылдырылады.

Бұл қажетті мөлшерден 20 пайызға аз дейді мамандар. Сондықтан жетіспейтін техника түрлерін өңірдегі жеке кәсіпкерлерден жалға алу мақсатында келісімшарттар жасалған. Дегенмен биыл қолда бар транспорт қатары біраз жаңарып қалды. Жол тазалау көліктерінің қатарына алдында күрегі бар 10 самосвал қосылған. Ал тас жолдар көктайғаққа оранып, қауіп артқан кезде жол үстіне себуге қажетті 10 мың текше метр инертті материалдың тек 8 мың текше метрі дайын. Қалғанын әлі де толықтырып жатырмыз дегенді айтады жолға жауапты мамандар. Олардың айтуынша, биыл жолға қызмет көрсетуге бөлінген қаржы да толық бөлінбеген. Ал қысы-жазы күтімге тиесілі жол қашықтығы болса, 3 мың 414 шақырымды құрайды.

Олжас Ахметов, «Қазавтожол» ҰК облыстық  филиалы директорының орынбасары:

- Нормативті қаржыландыру есебімен санағанда, 5,5 миллиард теңгенің ішінде тек 3,9 миллиард теңге бөлінген. Сол қаражат аясында жұмыстар атқарылып жатыр, соның ішінде қысқы күтім жұмыстарына 400 миллион теңге қараша-желтоқсан айларына қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы