384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды

  • 335
  • UPD: 15:27, 23.10.2019
Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары толықтай аяқталды.

Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев есеп беру барысында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо .

«Бүгінде 2 млн-нан астам тұрғыны бар өңірдің тұрмыс-тіршілігі жаңаша қалыпқа еніп, Түркістан алып құрылыс алаңына айналды. Осы жылы болған оқиғадан соң Арыс қаласы туралы айтпай кетуге болмайды. 24 маусым күні Арыста төтенше жағдай орын алған болатын. Осындай қиын сәтте біз елдігімізді, бірлігімізді көрсете білдік. Арыстықтарға Үкімет тарапынан да, халық тарапынан да үлкен көмек көрсетілді, әлі де көрсетіліп жатыр. Премьер-Министр Асқар Маминнің тапсырмасына сәйкес, Арысты шұғыл түрде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қала аумағын 17 секторға бөліп, республикалық маңызы бар 3 қала мен 14 облыс әкімдіктері тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді», – дейді Ө.Шөкеев.

Ол өз сөзінде Арыста бас-аяғы қанша үй барын, оның қаншауы жөндеуді қажет ететінін айтып өтті.

«Арыста жалпы саны 8637 тұрғын үй болса, оның 103-і – көпқабатты тұрғын үй. Ал оның ішінде 7163 тұрғын үй жөндеуді қажет етті. Жөндеуді қажет ететін үйлердің арасында 100 көпқабатты тұрғын үй бар. Сол сияқты 470 үйді толықтай сүріп, қайта салу қажет болатын. Бұдан бөлек, Арыс қаласының инфрақұрылымы да күрделі жөндеуден өтті. Оған «Самұрық-Қазына» компаниясы жауапты болды. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталды деп айтуға болады. Бірен-саран қалған нысандар бар. Олар: көпқабатты үйлер, Нұр-Сұлтан қаласының секторында сараптау мәселелерінде аздап кешеуілдеді. Бірақ қараша айына дейін ол нысанның бәрі іске қосылады деп уәде берілді. Жалпылай алғанда Арыс қаласындағы жұмыстар толық аяқталды. Бұдан бөлек, 59,7 шақырым болатын жолдар, көшелер, гүлзарлар, саябақтар, яғни әлеуметтік нысанның бәрі толығымен күрделі жөндеуден өтті», – деді өңір әкімі.

Хабар 24 телеарнасы