437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биік ғимараттан секірмек болған азаматты құтқарған алматылық тәртіп сақшысының ерлігі көпке үлгі

  • 404
  • UPD: 22:21, 23.10.2019

Алматылық аға лейтенант Әділбек Қозыбеков биыл биік ғимараттан секірмек болған азаматты құтқарғаны елдің есінде болар.

Оқиға дәл осы зәулім ғимаратта болды. 17 қабаттағы балконнан ер жігіттің төменге секірмек болғаны жөніндегі шұғыл хабарды жеткен бойда тәртіп сақшысы оқиға орнына жетуге асығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел сатымен көтеріліп келе жатып, «үлгерер ме екенбіз» деген ой ғана болған.

Әділбек Қозыбеков, полиция инспекторы:

– Жақындайын десем, «жақындама, секіремін...» деп тұр. Не жағдай болғанын сұрап едім, шарттарын қоя бастады. Сол кезде мен оны әңгімеге тарта бастап, темекі ұсындым. Ол темекіге алданып, осы сәтте қолынан ұстап үлгердім. Әріптесім келіп, екеуміз алып шықтық.

Оқиға маусымның 26 күні кешке болған. Балконда өмір мен өлім арасында салбырап тұрған ессіз жігітті сырттағы куәгерлер де байқап, бейнеге түсіріп алған. Ол азамат Әділбекке бұл қадамға жоқшылықтан баруға мәжбүр болдым, деп айтқан.

Бірақ, «қайғы туса басыңа, жасыма» деген қағиданы қаперден шығарғаны өкінішті, әрине.  

Әділбек Қозыбеков, полиция инспекторы:

– Адамның өміріне баға жетпейді. Әрине құтқару біздің міндетіміз болып есептеледі. Соған байланысты өз жұмысымды атқардым деп ойлаймын.

Адам өмірін ажалдан арашалап қалған Әділбек Қозыбеков Бостандық ауданындағы учаскелік полиция пунктінде күнделікті жұмысын жалғастырып жатыр. Батыл әрекеті үшін басшылықтан алғыс алған.

Авторлары: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабай

Хабар 24 телеарнасы