384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда 52 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

  • 277
  • UPD: 22:22, 23.10.2019

Түркістан облысында осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі – 370,2 млрд теңге.

Бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығында 447,5 млрд теңгеге, инвестиция бойынша 248,9 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жыл соңына дейін облыс орталығында әлеуметтік нысандардан өзге 52 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ал Арыс қаласындағы жұмыстар да аяқталуға таяу. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты. 

Түркістан облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін алып құрылыс алаңына айналды. Бүгінде аймақта құрылыс бірнеше бағытта жүріп жатыр. Көп ұзамай қала маңында аумағы 8 мың гектарға жуық жасыл белдеу құрылады. Сондай-ақ азық-түлік белдеуін құру мақсатында бірнеше агроөнеркәсіптік кешен салынады. Қазіргі уақытта іскерлік-әкімшілік және тарихи мәдени орталықтарда 26 нысанның құрылысы қызу жүріп жатыр.  

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

– Биыл әкімшілік-іскерлік орталығында 6 нысан пайдалануға беріледі. Рухани-мәдени орталығында 5 нысан – қалалық саябақ, Назарбаев аллеясы мен қалалық саябақ құрылысы қарқынды жүруде. Осы нысандар биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жыл соңына дейін Түркістанда 52 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары жақын күндері аяқталады. Ондағы 500-ге тарта үй қайта салынды. Әлеуметтік нысандар мен көшелер де қайта жаңартылды.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

– Қала аумағын қалпына келтіру үшін 17 секторға бөлінді. Республикадағы 14 облыс пен 3 қала бірігіп, зақым келген үйлерді қалпына келтірді. Жалпы айтқанда Арыс қаласындағы жұмыстар толық аяқталды деп айтуға болады. Бұдан бөлек көшелер, гүлзарлар, саябақтар, әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтті.

Облыс туризм мен индустриялық аймақты дамытуды басты назарға алған. Осы бағытта 58 жоба жүзеге асырылып, екі жарым мың орны ашылады деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы