384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да еңбек заңын бұзудың 257 фактісі анықталды

  • 151
  • UPD: 08:03, 24.10.2019
БҚО-да еңбек заңын бұзудың 257 фактісі анықталды

Батыс Қазақстан облысында еңбек заңын бұзудың 257 фактісі анықталған.

Соның салдарынан өңірде жыл басынан бері 4 адам қаза болып, 40 шақтысы өндірістік жарақаттар алыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көп жағдайда жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастары бұзылады. «Әсіресе, еңбек келісімшартын жасау кезінде заң бұзушылық жиі болып тұрады», - дейді мамандар. Жұмысшыларға жалақының дер кезінде берілмеуі, олардың арнайы қорғаныш құралдармен тиісті деңгейде қамтылмауы және арнайы оқу курстарынан өтпеуі бұл салада ширата түсер тұстардың әлі де көп екенін аңғартады. Соңғы 3 жылда аймақтағы кәсіпорындар жалақыға қатысты 1 миллиард теңге көлеміндегі қарызын жауыпты. Қазіргі күні 6 жергілікті кәсіпорын жұмысшылардың табан ақы, маңдай терімен тапқан жалақыларын беруге құлықсыздық танытып отыр.

Азамат Айтуев, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

- Барлығы еңбек инспекциясына 800-ге жақын арыз-шағымдар түскен болатын. Олар бойынша тексерістер тағайындалып мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыстанған болатын. Тексеріс барысында 250-ден тастам заң бұзушылықтары анықталып, солар бойынша жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы