430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда бөтеннің мүлкін ломбардқа өткізген алаяқ әйел ұсталды

  • 633
  • UPD: 13:23, 24.10.2019
Алматыда бөтеннің мүлкін ломбардқа өткізген алаяқ әйел ұсталды

Алматы полициясы мегаполис тұрғындарына үлкен материалдық шығын келтірген алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күдікті 25 жаста. Қазіргі уақытта Т. атты тұрғынның қалада жасалған 10 алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды.

«Күдікті қылмыстық мақсатта интернетті пайдаланған. Ол азаматтардан заттарды жалға алып, кейін оларды ломбардқа өткізіп отырған. Бұл «бизнес» оған жақсы пайда әкелді. Алаяқтық жолмен алынған заттар тізімінде тұрмыстық техника, құндыз тері бұйымдары, әйелдердің кешкі көйлектері, смартфондар және күнделікті тұрмыстық заттар бар. Ол тауардан түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Ал, жалға алған тауар иелерімен қайта байланысқа шықпаған. Қазіргі уақытта материалдық шығын бір миллион еңгеге жуықтайды», – дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Сәбит Сансызбаев.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы