427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тізімге іліккен қазақстандықтар салықтық қарыздарын төлей бастады

  • 633
Тізімге іліккен қазақстандықтар салықтық қарыздарын төлей бастады

Мемлекеттік кірістер комитеті тұрақты негізде салық бойынша берешегі бар азаматтар тізіміндерін жариялап келеді, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, биыл 30 қыркүйекте жарияланған тізімдегі 100 азаматтың жалпы қарызы 286 019 395 теңгені құрады.

Негізгі қарыз сомасын өтеген азаматтар салықтық рақымшылық мүмкіндіктерін пайдалана алды – олардың өсімпұлдары есептен шығарылды.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қ. тұрғыны Дархан Рысбеков жер салығы (БКК 104302) бойынша қарызының 3 193 076 теңге көлеміндегі негізгі сомасын төлеп, 4 006 869 теңге сомасындағы өсімпұлы есептен шығарылды.

Сондай-ақ, Қостанай облысының тұрғыны Марат Давлетшин де салықтық рақымшылық мүмкіндіктерін пайдала алды: көлік салығы бойынша (БКК 104402) 408 399 теңге негізгі қарызын өтеген соң, 421 399 теңге өсімпұлы алынып тасталды.

8 адамның өтелген салық қарыздыраның жалпы сомасы 10 512 137 теңгені құрады (негізгі борыш – 5 480 181 теңге, өсімпұл – 5 031 956 теңге).

Мүлік, жер, көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтардың жалпы тізімдер мына сілтемелер бойынша қолжетімді:

http://kgd.gov.kz/sites/default/files/pr_-_100_zadolzhnikov_spisok.docx

http://kgd.gov.kz/sites/default/files/dolzhniki_krup_summy_2.xlsx

Айта кетейік, мемлекеттік кірістер органдары алдағы уақытта салық бойынша берешегі бар заңды тұлғалардың тізімін жариялауды жоспарлап отыр.

Жалпы, қазіргі уақытта ел бойынша барлығы 370 970 адам салықтық рақымшылықты пайдалана алды. Олар  8 млрд 737 млн 600 мың теңге негізгі борыш сомасын өтеп, 1 млрд.700 млн. теңге өсімпұл есептен шығарылды. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда салықтық рақымшылық жүруде: ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) негізгі борыш сомасын төлеген азаматтардың өсімпұлы есептен шығарылатын болады.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web тексере алады.

Хабар 24 телеарнасы