384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синоптиктер биылғы қыстың қандай болатынын айтып берді

  • 278
  • UPD: 19:22, 24.10.2019
Синоптиктер биылғы қыстың қандай болатынын айтып берді

Биыл қыс каһарлы болмайды. Қазгидромет орталығының болжамы осындай.

«Желтоқсан жаңбырлы, тек ақпан айында күн күрт суытады»,- дейді олар. Дегенмен маусымдық болжам әлі де өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ мамандар «көлік дөңгелектерін қарашаның алғашқы онкүндігінде ауыстырған дұрыс»,- деп отыр.Себебі осы айдың ортасынан бастап ауа температурасы төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін. 

Жұлдыз Исабекова, Гидрометорталықтың ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы:

- Ақпан айына келер болсақ ең суық ауа райы осы айда күтіледі.Бұл айда Карск теңізінен суық ауа массалары Қазақстан аумағына жиі өтеді.Және де Сібір антициклоны көбірек болмақ. Сондықтан да Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы 1-2 градусқа төмек болады деп болжанады.

Хабар 24 телеарнасы