432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтандағы көрмеде жедел жәрдем көліктері жұрт назарына ұсынылды

  • 529
  • UPD: 23:02, 24.10.2019

Елордада өткен денсаулық сақтау саласындағы IT-инновациялар көрмесінде отандық жаңа модельдегі жедел жәрдем көліктері көпшілік назарына ұсынылды. Бұл арнайы автокөліктердің артық тұсы көп. Айталық, шетелдікіне қарағанда едәуір арзан. Әрі қатты суыққа төзімді. Бастысы онымен шалғай жатқан елді-мекендерге еш қиналмай жетуге болады.

Мына жанға жайлы жаңартылған жедел-жәрдем көліктері жақында Қазақстанның барлық аймақтарында қатынайтын болады. Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан денсаулық сақтау саласындағы IT-инновациялар көрмесіне бұл көліктер зауыттан жеткізіліпті. Жедел-жәрдемдер көрмеге сән берген тұста, еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жиынға қатысуышыларға сәттілік тіледі. 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Ең әуелі осы инновациялық көрмеге қолдау білдірген біздің серіктестерге оның ішінде шетелден арнайы келген қонақтарға рахмет айтқым келеді. Бұл шараға қатысып отырған шет мемлекеттердің медициналық жоғары оқу орындарындағы білікті мамандары біздің қашанда стратегиялық әріптестер саналады.  

Денсаулық сақтау көрмесінде ең соңғы үлгідегі инновациялық дүниелер ұсынылған. Ауа райының салқындығына қарамастан  қатысушылар сырттағы жедел-жәрдемге қызығушылық білдірді. Себебі бұл көліктер әр 3 жыл сайын жаңарып отырады. 

Динара Исатаева, «Вираж» ЖШС филиал директоры:

- Бұл көрмеде «Вираж» компаниясы отандық 2 медициналық жедел-жәрдем көлігін таныстыруда. Автокөлік жоғары сапалы етіп жасақталған. Біздің көліктер қалаға да тіпті ауылдық жерлерге де жарайды. Бағасы да басқалармен салыстырғанда 30 пайызға төмен.   

Көліктің басты артықшылықтары қауіпсіздікке  және қозғалтқыштарға мән берілген. Тіпті қыстың күні қатты аязда да оталады. Ал салоны науқасқа ыңғайлы етіп жасалған.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Аманжол Байғазин

Хабар 24 телеарнасы